БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ «Железин ауданы Железин селолық округі Железин ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы»

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Железин ауылының әкімшілік-аумақтық шекарасында орналасқан, Железин ауданы, Железин селолық округі, Железин ауылының жалпы алаңы 5915 гектар және ұзындығы 96765,6 метр шекарасы (шегі) қосымшаға сәйкес өзгертілсін.
  2. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер-есеп құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.
  3. Осы бірлескен қаулы мен шешім, алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ «Железин ауданы Железин селолық округі Железин ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы»
Дата публикации
30 июля 2020