Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 519/6 «Железин ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7171 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
Осы шешімнің 2 қосымшасында 1 абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:»
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және азаматтардың өтініштері мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.