Ауданның 2023-2025 жылдарға арналған бюджет нақтылауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына сәйкес өткізіледі.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің берген өтінімдеріне сәйкес бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бағыттау жүргізілді.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, аудан бюджетінің нақтыланған көлемі 5065,4 млн.теңгені құрайды.
«Железин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 212/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы 2023 жылғы 28 қараша - 04 желтоқсан аралығында «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.