«Железин ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің «Железин ауданы Михайлов ауылдық округінің Михайловка ауылында көшені қайта атау туралы» жоба (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірленді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Железин ауданы Михайлов ауылдық округінің Михайловка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде.
Көрсетілген шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Михайлов ауылдық округінің Михайловка ауылында «Ленин» көшесі «Астана» көшесі болып қайта аталатын болады.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Ашық НҚА» сайтында 17.02.2020 жылдан бастап 02.03.2020 жылға дейін орналастырылған.