«Железин ауданының Железин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің «Железин ауданы Железин ауылдық округінің Железинка ауылында көшені қайта атау туралы» жоба (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірленді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Железин ауданы Железин ауылдық округінің Железинка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде.
Көрсетілген шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Железин ауылдық округінің Железинка ауылында «Октябрь» көшесі «Құсайын Сарымов» көшесі болып қайта аталатын болады.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқық бұзу салдарына әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Ашық НҚА» сайтында 17.02.2020 жылдан бастап 02.03.2020 жылға дейін орналастырылған.