«Железин ауданы Веселорощин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ «Железин ауданының Веселорощин ауылдық округінің Веселая Роща ауылында көшені қайта атау туралы» жобасы (бұдан әрі – жобасы) әзірленді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Железин ауданы Веселорощин ауылдық округінің Веселая Роща ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандығы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде
Көрсетілген шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Веселорощин ауылдық округінің Веселая Роща ауылында «Суворов» көшесі «Баян батыр» көшесі болып қайта аталатын болады.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқық бұзу салдарына әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Ашық НҚА» сайтында 17.02.2020 жылдан бастап 02.03.2020 жылға дейін орналастырылған.