«Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Железин ауданы Ақтау ауылдық округі Жолтаптық ауылының көшесін қайта атау туралы» шешімінің жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы  2-тармағына сәйкес, Ақтау ауылдық округі Жолтаптық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының                                       2016 жылғы 21 қарашадағы отырысының  хаттамасы негізінде.

Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Ақтау  ауылдық округінің Жолтаптық ауылындағы «Кооперативная» көшесін «Достық» көшесіне қайта атау болып табылады.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

Шешім жобасы 2023 жылғы  17.11. «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА»  бөлімінде орналастырылған  https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14805568

Дата публикации
17 ноября 2023