Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Ақтау ауылдық округі Ақтау ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қарашадағы отырысының хаттамасы негізінде.
Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Ақтау ауылдық округінің Ақтау ауылындағы «Киров» көшесін «Астана» көшесіне қайта атау болып табылады.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2023 жылғы 17.11. «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14805549