«Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі Жаңа жұлдыз ауылының көшесін қайта атау туралы» шешімінің жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы  2-тармағына сәйкес, Қазақстан ауылдық округі Жаңа жұлдыз ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының   2016 жылғы 21 қарашадағы отырысының  хаттамасы негізінде.

Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Қазақстан  ауылдық округінің Жаңа жұлдыз ауылындағы «Школьная» көшесін «Бөгенбай Батыр» көшесіне қайта атау болып табылады.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы 2023 жылғы  14.11. «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА»  бөлімінде орналастырылған  https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14801026

Дата публикации
14 ноября 2023