2023 жылғы 15 қыркүйекте Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен 2023 жылғы 5 қарашаға Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің сайлауы тағайындалды.
2023 жылғы 3 қазанда П.Э. Лампартер «Respublika» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Железин ауданының әкіміне кандидат болып ұсынылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-2-бабына сәйкес әкім болып сайлану үшін Қазақстан Республикасының азаматы осы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тиісті аумақтық сайлау комиссиясы ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган анықтайды.
2023 жылғы 10 қазанда комиссия Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің кандидаттың жекелеген саяси мемлекеттік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, атап айтқанда жоғары білім туралы диплом ұсынбауы туралы хатының негізінде Железин ауданының әкіміне кандидат ретінде П.Э. Лампартерді тіркеуді жою туралы шешім қабылдады.
П.Э. Лампартерәкімшілік сотқа осы шешімге дау айту туралы талап арызбен жүгінді. Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 13 қазандағы шешімімен П.Э. Лампартердің Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясына аудан әкіміне кандидат ретінде тіркеуді жою туралы шешімге дау айту туралы талап-арыздарын қанағаттандырудан бас тартылды.
2023 жылғы 16 қазанда П.Э. Лампартер Павлодар облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 13 қазандағы шешіміне апелляциялық шағым берді.
2023 жылғы 19 қазанда Павлодар облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының отырысы өтті, онда бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды.
Железин аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы