Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабы 6-тармағының негізінде сайлау учаскелерінің сайлау комиссиялары мүшелерінің міндеттерінен № 238 С. Ұ. Құнақпаев – өз еркімен, № 241 Ж. Е. Онбаева көшуге байланысты, № 251 С. Қ. Мамаева баланың туылуымен босатылсын деп хабарлайды.
№ 238 сайлау учаскелерінің сайлау комиссияларының мүшелері болып А.Ж. Сапарова, № 241 Д. Е. Онбаева, № 251 Б. К. Мамаева тағайындалсын (Железин ауданы әкімінің сайлау жөніндегі сайлау науқаны кезеңінде мәслихат сессиясында сайланғанға дейін (қажет болған жағдайда).