ЖОБА
Железин ауданының аумағында
стационарлық емес сауда объектілері
орналастыру орындарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 27 наурыздағы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» № 264 бұйрығының 50-1-тармағына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Железин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.
2. «Железин ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі К. Кашкиров