Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Железин ауылдық округі Железинка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 қарашадағы отырысының хаттамасы негізінде.
Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Железин ауылдық округінің Железинка ауылындағы «Дзержинский» көшесін «Егемендік» көшесіне қайта атау болып табылады.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2023 жылғы 21.09 «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14720898