Павлодар облысы Железин ауданының әкімі кандидаттарына бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды  пайдаланушыларға эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру туралы

Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалардың пайдаланушылары 2023 жылғы 5 қазаннан кешіктірмей Павлодар облысы Железин аудандарының әкімдеріне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Железин аумақтық сайлау комиссиясына (Железин АСК: tic_pav_zhl@saylau.kz, мекенжайы: Железин ауылы, Әуезов көшесі, 8, кабинет 103) ұсынуға тиіс.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 сентября 2023