Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» №181 бұйрығына сәйкес Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері жатақханаларды, Қонақ үйлерді, жалдамалы тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,5 (нөл бүтін оннан бес) мөлшерінде бекітілсін.
- Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы «Железин ауданындағы шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна ставкаларын бекіту туралы» №29/8 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Железин аудандық
мәслихатының төрағасы Т. Даулетов