Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (нақтылау, тамыз)

Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Алакөл ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

         Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.

         Ауылдық округ бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

          Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

          Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 223/7 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2022 ж. 06.01. №176262 болып тіркелген.

Алакөл ауылдық округінің құрамына Алакөл ауылы кіреді.

         Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі 57334,0 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 27760,0 га. Халық саны – 645 адам, оның ішінде ерлер – 323 адам, әйелдер – 322 адам. Тұрғындардың жалпы санынан зейнеткерлер – 83, 16-дан 29-ға дейінгі жастар – 102, оқушылар – 123, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 60, ашық нарықта жұмыссыздар – 11, тіркелген жұмыссыздар – 1 адам.

          Әлеуметтік салада интерактивті және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған 1 орта мектеп жұмыс істейді. Мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Сондай-ақ, фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) – 1, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмыс істейді. 2 төсек, ем-шара бөлмесімен біріктірілген акушерлік кабинет, егу кабинеті, науқастарды қабылдау кабинеті, ЭКГ жабдықтары, 1 дәріхана бар.

         Мәдениет үйінде ауылдық кітапхана жұмыс істейді, кітапхананың кітап қоры жыл сайын 18500 данамен толықтырылады, оның ішінде мемлекеттік тілде 15000 дана, спортпен шұғылдануға арналған фитнес-клуб бар.

         Мәдениет үйі жанындағы қызмет көрсету саласында «Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалы жұмыс істейді.

         Қайта өңдеу саласында «Пахарь» ШҚ ЖШС наубайханасы жұмыс істейді.

Алакөл ауылдық округі бойынша 15,84 шақырым жол бар. Оның ішінде: кірме жолдар – 2,505 км, айналма жолдар – 4,861 км және ауылішілік жолдар 8,474 км, сондай-ақ ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған. Көшелер шамдармен жарықтандырылған, Павлодар қаласы мен Железинка ауылына автобус қатынасы бар.

      

Бюджет көлемі

 1.2. «Алакөл ауылдық округінің түсімдері мен шығыстары»

                                                                                                               мың теңге

Атауы

2023год      

 

2024 год   

 

2025 год

 

1

2

3

4

ТҮСІМДЕР – барлығы:

31725

31897

33571

Меншікті кірістер, оның ішінде:

4813

6170

6402

Салықтық түсімдер

4657

6014

6246

Салықтық емес түсiмдер

156

156

156

Жоғары тұрған басқару органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде:

 

26910

25727

27169

Субвенция

26480

20329

20457

Пайдаланылмаған аударымдарды қайтару

2

0

0

Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шараларды жүргізу

428

0

0

 

2023 жылға арналған Алакөл ауылдық округінің бюджетіне

түсетін салық түсімдерінің құрылымы

 

Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығындары

 

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

ШЫҒЫНДАР – барлығы, оның ішінде:

31789

31897

33571

Мемлекеттік қызметтер

25424

25985

27389

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

4656

4555

4771

Көлік және коммуникация

1253

1316

1368

Денсаулық сақтау

39

41

43

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

2

0

0

Пайдаланылмаған аударымдарды қайтару

415

0

0

 

2023 жылы Алакөл ауылдық округінің бюджеті

қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары

          Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығыстарының 80% -ын мемлекеттік қызмет көрсету саласына арналған шығыстар құрайды.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге

арналған бюджет шығыстары

                                                                                                                  мың.теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған бюджет шығыстары, барлығы:

25424

25985

27389

Олардың ішінен:

 

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

25424

25985

27389

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 25424 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.

Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығыстарының 0,1% -ын денсаулық сақтау саласына арналған шығыстар құрайды.

Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары

                                                                                                                    мың.теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары, барлығы:

39

41

43

 Оның ішінде:

 

 

 

Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру

39

41

43

Денсаулық сақтау саласында шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру үшін 2023 жылға 39 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.

Алакөл ауылдық округінің бюджет шығындарының 15,5 %-ын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары  құрайды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығыстары

                                                                                                                   мың.теңге

 Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған бюджет шығыстары, барлығы:

4656

4555

4771

 Оның ішінде:

 

 

 

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

3678

3528

3707

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

607

637

662

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

371

390

405

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

0

0

0

           2023 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығындары:

- Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ қолданыстағы жарықтандыруды ұстауға және техникалық қызмет көрсетуге 3678 мың теңге сомасында көзделген.

- Алакөл ауылында қоқыс шығаруға елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету - 607 мың теңге.

- Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру -371 мың теңге сомасында қарастырылған.

Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығыстарының 3,9% -ын көлік және коммуникация шығыстары құрайды.

Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары

                                                                                                                     мың.теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары, барлығы:

1253

1316

1368

 Оның ішінде:

 

 

 

Аудандық маңызы бар қалаларда , ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1253

1316

1368

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу

0

0

0

Ауылдық округтің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін үздіксіз қамтамасыз ету үшін 1253 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.

Алакөл ауылдық округі бюджеті шығыстарының 1,3% -ын мемлекеттік органның күрделі шығыстары құрайды

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 

 Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары, барлығы:

415

0

0

 Оның ішінде:

 

 

 

Машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, өндірістік және шаруашылық мүкәммалдарды сатып алу

415

0

0

Компьютерді сатып алу үшін жиынтықта 415 мың теңге сомасында қаражат көзделген

Дата публикации
23 августа 2023