Павлодар облысы Железин ауданы Озерный ауылдық округінің тұрғындарымен өткен жергілікті қоғамдастық жиналысының Озерный ауылдық округі Озерный ауылы ХАТТАМАСЫ

Озерный ауылы                                                              2023 жылғы 24 шілде

 

Жиналысты жүргізген: А.З. Садбеков, Озерный ауылдық округінің әкімі, жиналыс төрағасы.

Хаттаманы жүргізген: А.А. Бейсенбаева, іс жүргізу жөніндегі жетекші маман;

Қатысқандар: барлығы 35 адам, жергілікті қоғамдастық өкілдері және ауыл тұрғындары.

Күн тәртібі:

  1. Павлодар облысы Железин ауданы Озерный ауылдық округін және Озерный ауылының атауларын Майлы ауылдық округі және Майлы ауылы деп қайта атау туралы.

         Ауылдық округтің әкімі А.З. Садбеков өз баяндамасында ауылдық округте ономастика саласы бойынша атқарылған істер жөнінде мәлімдеме берді. Елді мекендер мен көшелердің атауларын заманауи егеменді мемлекет талаптарына сәйкес болуы жөнінде сөз қозғады. Ауыл тұрғындарынан түскен өтінішке сәйкес ауылдық округпен ауылдық атауын өзгерту сұрағын шешу бойынша шешім қабылдауды сұрады.

         Сөз сөйлегендер:

          Балтабай Алпысбаев ауыл тұмасы, зейнеткер. Майлы көлін білмейтін адам жоқ деп ойлаймын. Ауыл тұрғындары қолдайды, оған сенімдімін. 

          С.А. Абильднов ауыл тұрғыны, мектеп завхозы. Бұрын Майлы көлінде мал қыстайтын. Майлы көлінің пішені өте көректік және малдың майлылығы өте жақсы болды, сондықтан, менің ойымша, атын өзгертуге ешкім қарсы болмайды.

          Е.А. Кусайдаров Озерный ауылының тұрғыны, күзетші. Аталған ұсынысты қолдаймын.

          М.С. Шарбакбаев ауыл тұрғыны, күзетші. Озерный ауылдық округіне және ауылды атауға қарсы емес екенін білдірді.

            Қорытынды жасау үшін жиналыс төрағасы А.З. Садбеков Озерный ауылдық округін және Озерный ауылының атауларын Майлы ауылдық округі және Майлы ауылы деп қайта атау үшін дауыс беруге шақырды. Кім «Қолдайды» - 35 адам;

 «Қарсы» - жоқ;

«Қалыс қалғандар» - жоқ

Дауыс беру қорытындысы:

 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

Дауыс беру қорытындысы бойынша Озерный ауылдық округін және Озерный ауылының атауларын Майлы ауылдық округі және Майлы ауылы деп қайта атау туралы ұсыныс қабылданды.

 

 Төраға

   Озерный ауылдық округі

 әкімінің                                                              А. Садбеков

  Хатшы                                                               А. Бейсенбаева

Дата публикации
28 июля 2023