Есепті қаржы жылына арналған түзетілген бюджет кірістер бойынша 5271,0 миллион теңгені, шығындар бойынша 5577,2 миллион теңгені құрайды.
Жарты жыл ішінде Железин аудандық бюджетінің кірістері нақтыланды және 14,3%-ға немесе 657,8 миллион теңге сомасына ұлғаю жағына түзетілді, оның ішінде 525,2 миллион теңге сомасына трансферттер бөлу есебінен, 132,6 миллион теңге сомасына өз кірістерінің ұлғаюы есебінен.
Тиісінше, шығындар 974,0 миллион теңге сомасына, оның ішінде 339,9 миллион теңге сомасына немесе 21,2% -ға бос қалдықтарды пайдалану есебінен өсті.
Аудан бюджетінің кіріс бөлігі. Железин ауданының бюджеті жарты жылдың кірістері бойынша 102,1 %-ға орындалды, түзетілген бюджет кезінде 2 548,9 млн.теңге түсімдердің орындалуы 2609,0 млн. теңгені құрады, асыра орындау 60,1 млн. теңгені құрады.
млн. теңге
|
Атауы |
2023 жылғы 01 шілдедегі жоспары |
2023жылғы 01 шілдедегі факті |
орындалу % |
Ауытқу |
|
Меншікті кірістер(салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсімдер ) |
1031,5 |
1088,5 |
105,5 |
+57,0 |
|
Трансферттер түсімі |
1503,2 |
1503,2 |
100 |
0,0 |
|
Бюджеттіккредиттердіөтеу |
14,2 |
17,3 |
121,8 |
+3,1 |
|
Қарыздар түсімі |
36,8 |
36,8 |
100,0 |
0 |
|
Барлығы |
2548,9 |
2609,0 |
102,4 |
+60,1 |
Ауданның меншікті кірістер. Меншікті кірістердің құрылымында ең үлкен үлес салық түсімдері алады–82,2% (895,4 млн. теңге), салықтық емес түсімдер1,8 % құрайды (19,2 млн. теңге).
Жеке кірістер 105,5%-ға орындалды, жоспар бойынша 1031,5 млн.теңге болса, 1088,5 млн.теңге түсті немесе асыра орындау 57,0 млн. теңгені құрады, келесі салықтар есебінен:
- жеке табыс салығы бойынша 3,5млн. теңге, оның ішінде 2,9 млн. теңге аудандық бюджетке қате түсімдер есебінен төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы бойынша;
- бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту және білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек демалысын төлеу есебінен әлеуметтік салық бойынша 0,8 млн. теңге;
- Өсімпұл мен тұрақсыздық айыбын төлеу, сондай-ақ аудан бюджетіне артық аударылған сомаларды қайтару есебінен басқа салықтық емес түсімдер бойынша 1,8 млн. теңге;
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 50,2 млн. теңге.
Меншікті кірістердің өсу қарқыны.
млн.теңге
|
Атауы |
2022 жылғы 01 шілдеге арналған факт |
2023 жылғы 01 шілдегеарналған факт |
Өсу қарқыны, % |
Ауытқу |
|
Салықтық түсімдер |
646,0 |
895,4 |
138,6 |
+249,4 |
|
Табыс салығы |
338,0 |
406,4 |
120,2 |
+68,4 |
|
Әлеуметтік салық |
107,6 |
235,6 |
218,9 |
+128,0 |
|
Меншікке салынатын салықтар |
190,6 |
237,1 |
124,4 |
+46,5 |
|
Ішкі салықтар |
8,6 |
11,2 |
130,2 |
+2,6 |
|
Міндетті төлемдер |
1,2 |
5,1 |
425,0 |
+3,9 |
|
Салықтық емес түсімдер |
5,3 |
19,2 |
362,3 |
+13,9 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсімдер |
24,1 |
173,9 |
721,6 |
+149,8 |
|
Барлығы меншікті кірістер |
675,4 |
1088,5 |
161,2 |
+413,1 |
Бюджеттің меншікті кірістері 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 413,1 млн теңгеге өсті, өсу қарқыны негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, салық төлемдері және салықтық емес төлемдер есебінен 161,2%-ды құрады, оның ішінде:
-салықтық түсімдер249,4 млн.теңгеге көбейді немесе өсу қарқыны 138,6 % құрады;
- ауданның бюджетіне есепке алу нормаларын қайта бөлу есебінен әлеуметтік салық немесе 2022 жылы жалпы түсімдердің 50% ауданға есепке алынды;
- салық төлеушілерден қосымша төлемдер есебінен мүлік салығы, оның ішінде заңды тұлғалардың мүлік салығы бойынша РТЖ ААҚ – 24,8 млн. теңге, ҚазТрансОйл АҚ-9,2 млн. теңге, КЕGOK Солтүстік МЭС АҚ-12,5 млн. теңге;
- салықтық емес түсімдер 13,9 млн. теңгеге ұлғайды немесе өсу қарқыны мәдениет қызметкерлерінің жалақысына республикалық бюджеттен бөлінген толық пайдаланылмаған трансферттерді қайтару есебінен 362,3% құрады;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 149,8 млн. теңгеге ұлғайды немесе мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сату есебінен өсу қарқыны бар3
Бересіні талдау
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бересі 15 954,4 мың теңгені құрады немесе 1 маусыммен салыстырғанда 4 788,9 мың теңге сомасына 2 БCК бойынша ағымдағы есептеу есебінен 6793,8 мың теңге сомасына ұлғайды.
Бір мезгілде берешекті төлеу есебінен берешекті 6 код бойынша жалпы сомасы 2 003,9 мың теңгеге төмендету бар:
- 104101 «Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден мүлік салығы»коды бойынша 275,5 мың теңге;
- 104302 «Жер салығы»коды бойынша 41,1 мың теңге;
- 104402 «Жеке тұлғалардан көлік салығы»коды бойынша 1 210,6 мың теңге;
- 105315 «Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем»коды бойынша 306,1 мың теңге.
- 105316 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем»коды бойынша 169,0 мың теңге;
- 105434 «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлем»коды бойынша 1,6 мың теңге.
3) 1256,4 мың теңге сомасына 3 БСК бойынша бересі өзгеріссіз қалды
-101205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетел азаматтарынан алынатын жеке табыс салығы» коды бойынша;
- 104401 «Заңды тұлғалардан көлік салығы»коды бойынша 278,2 мың теңге;
- 104501 «Бірыңғай жер салығы» коды бойынша 855,2 мың теңге.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған ауданның түзетілген бюджеті шығындар бойынша 5577,2 млн. теңгені құрайды.
Трансферттер және кредиттер. Есепті кезеңде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлінбеді.
Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша игеру 100 % құрады немесе шығындардың орындалуын қамтамасыз ету 1003,6 млн.теңге.
Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттер бойынша игеру 100 пайызды құрады немесе шығындардың орындалуын қамтамасыз ету 189,4 млн.теңге.
Жергілікті бюджет шығыстары бойынша игеру 100% -ды құрады немесе жоспар 1337,7 млн. теңге болған кезде игеру 1337,6 млн. теңгені құрады.
Железин ауданының бюджеті шығыстар бойынша 100% -ға орындалды, есепті кезеңге жоспар бойынша 2530,7 млн. теңге, нақты орындалуы 2530,6 млн. теңгені құрады немесе орындалмауы 0,1 млн. теңгені құрады.
млн.теңге
|
ФГ |
Атауы |
2023 жылғы 01 шілдеге арналған түзетілген бюджет |
2023 жылғы 01 шілдеге арналған кассалық орындалуы |
% |
|
01 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
344,6 |
344,6 |
100 |
|
02 |
қорғаныс |
20,0 |
20,0 |
100 |
|
06 |
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету |
393,6 |
393,6 |
100 |
|
07 |
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық |
466,4 |
466,4 |
100 |
|
08 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
270,5 |
270,4 |
100 |
|
09 |
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану |
79,9 |
79,9 |
100 |
|
10 |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
17,2 |
17,2 |
100 |
|
12 |
Көлік және коммуникациялар |
411,4 |
411,4 |
100 |
|
13 |
Басқалар |
58,1 |
58,1 |
100 |
|
14 |
Борышқа қызмет көрсету |
16,3 |
16,3 |
100 |
|
15 |
Трансферттер |
452,7 |
452,7 |
100 |
|
Барлығы шығындар бойынша |
2530,7 |
2530,6 |
100 |
2023 жылға арналған бюджеттік даму бағдарламалары 1773,1 млн. теңге сомасында Железин ауданының 12 Бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) іске асыруға бағытталған, оның ішінде 729,7 млн. теңге сомасына 2 жоба қоса қаржыландыруды көздейді: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен 583,8 млн. теңге және трансферттер есебінен 145,9 млн. теңге облыстық бюджеттен. Бұдан басқа, 3 жоба облыстық бюджеттен 902,7 млн. теңге сомаға трансферттер есебінен және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 140,7 млн. теңге сомасында 7 жоба іске асырылуда.
- 292,7 млн.теңге сомасына «Железин ауданының Железинка ауылындағы жылу желілері мен құрылыстарын қайта жаңарту».
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 инвестициялық жоба және іске асыру процесінде 6 жоба іске асырылды, оның ішінде:
- 63,2 млн. теңге сомасына 6 жоба, оның ішінде: Железин ауданы Железинка ауылында мұражайдың көрме залын салу жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу«Павлодар облысы Железин ауданы Озерное селосында шағын футбол алаңын салу» жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу«Павлодар облысы Железин ауданы Озерное ауылында шағын футбол алаңын салу» «Павлодар облысы Железин ауданы Железинка ауылындағы № 2 қазандықты қайта жаңарту» «Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылындағы ғимаратты сыртқы желілері бар қазандыққа қайта жаңарту» сараптамадан өту, заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту арқылы жүзеге асырылады.
2023 жылдың 1-жартыжылдығында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелерді қабылдауы жылдық жоспар 5577,2 млн. теңгені құраған кезде 3744,9 млн. теңге немесе 67,1% сомасына міндеттемелер қабылданды.
Қабылданбаған міндеттемелердің сомасы 1832,3 млн. теңгені құрайды, оның ішінде тіркеуге жатпайтын міндеттемелер 1538,3 млн. теңге, рәсімдердің аяқталуына 293,9 млн. теңге жатады, оның ішінде:
- 25,2 млн. теңге - шарттар жасалды, міндеттемелер қаржыландыру жоспарына сәйкес шілде айында қабылданды;
- 71,9 млн. теңге сомасына әкімшілердің Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдері өткізіледі;
- 106,7 млн. теңге – сатып алу рәсімдері жүргізілмеген;
- Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша 90,1 млн. теңге сомасында үнемдеу.
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік мекемелердің дебиторлық және кредиторлық берешегі туралы есептер бойынша аудан бойынша 4 әкімші бойынша 1874,2 мың теңге сомасында кредиторлық берешекбар, оның ішінде байланыс және интернет қызметі үшін берешегі 1607,8 мың теңге.
Дебиторлық берешек 5 әкімші бойынша 208,0 мың теңгені құрады,оның ішінде байланыс және интернет қызметтері үшін берешек - 101,1 мың теңге, әлеуметтік салық-0,07 мың теңге.