Железин ауданының Прииртышск ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

2023 жылғы 24 сәуірде Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті,  «2023 жылғы 14 мамырға тағайындалған Железин ауданы  Прииртышск ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.

Отырыста комиссия төрайым А.Т. Кәрімова 2023 жылғы 24 сәуірде сағат 18.00-дегі жағдай бойынша ұсынылған 4 кандидаттың 3 тіркелгені туралы хабарлады. 3 кандидат Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келеді.

Олардың ішінде 3 (100%) - ер адам. Үміткерлердің орташа жасы-40 жас. Ең үлкен кандидат – 46 жаста, ең жас – 36 жаста.

Мамандықтар бойынша кандидаттар: 1 – мұғалім, қаржыгер, 1-экономист.

Кандидаттар арасында: 2 – мемлекеттік қызметшілер, 1-бюджеттік ұйымның қызметкері.

24 сәуір күні сағат 18-00-ден бастап Железин ауылдық округ әкіміне тіркелген барлық кандидаттар 2023 жылғы 13 мамыр күні сағат 00:00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» № 12/202 қаулысына сәйкес, кандидаттарға БАҚ-тарда өздерінің бағдарламаларымен шығуы үшін: теледидардан - 15 минут; радиодан - 10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауы үшін қаражат бөлінуі қарастырылған. Барлық кандидаттарға үгіттік жұмысты жүргізу үшін заңнамамен тең шарттарға кепілдік беріледі.

 

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы

Атқаратын лауазымы( кәсібі), жұмыс орны және тұрғылықты жері

 

Прииртышск  ауылдық округі

Арынгазинов Руслан Калауиденович

1984

"Железин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы" РММ, бөлім басшысы, Железинка а.

Баймаганбетов Серик Амангельдиевич

1977

"Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ, экономика секторының меңгерушісі, Железинка а.

Исабеков Аманжол Сейпилмаликович

1987

"Павлодар облысы Білім басқармасының Железин ауданының білім беру бөлімі" ММ, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, Железинка а.

 

Дата публикации
25 апреля 2023