2023 жылғы 19 сәуірде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Железин ауданы бойынша барлығы 1 сайлау округіне 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 0 (0%) - саяси партиялармен, 3 (100%)- өзін-өзі ұсыну тәртібі арқылы.
Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2023 жылғы 24 сәуірде сағат 18.00-де аяқталады.
2023 жылғы 19 сәуірдегі жағдай бойынша округте кемінде екі адам ұсынылды.
Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі үш күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.