Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»Конституциялық заңына, Железин ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 қазандағы «Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы»№2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24893 болып тіркелген) сәйкес, 2023 жылғы 14 мамырдағыПрииртышск ауылдық округіәкімінің алдағы сайлауына байланысты мынадай сайлау учаскелері айқындалды.

Прииртышск ауылдық округі бойынша:

№ 245 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Прииртышск ауылы, Ленин көшесі, 27, Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Құдайберген Әлсейітов атындағы Железин аудандық Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;

сайлау учаскесінің шекарасы: Прииртышск ауылдық округі Прииртышск ауылының аумағы.

 

№ 246 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Үрлітүб ауылы, Центральная көшесі (келісім бойынша);

сайлау учаскесінің шекарасы: Прииртышск ауылдық округі Үрлітүб ауылының аумағы.

 

№ 248 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Груздевка ауылы, Груздевская көшесі, 7 (келісім бойынша);

сайлау учаскесінің шекарасы: Прииртышск ауылдық округі Груздевка ауылының аумағы.

Дата публикации
25 апреля 2023