Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 14 мамырға тағайындалған Прииртышск ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну барысы туралы Хабарлама

2023 жылдың 18 сәуірде Прииртышск ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды:     

  • Руслан Калауиденович Арынгазинов;
  • Серик Амангельдиевич Баймаганбетов;
  • Аманжол Сейпилмаликович Исабеков.

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2023 жылғы 19 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Дата публикации
25 апреля 2023