Железин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 212/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Железин аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 212/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 175767 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті тиісінше                      1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4728819 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1531454 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 19560 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 129851 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3047954 мың теңге;

2) шығындар – 5035005 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 27655 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 62100мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 34445 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 33700 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 33700мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 367541 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             367541 мың теңге.»;

2) 6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. 2023 жылға арналған аудан бюджетінде ауылдық округтардың бюджеттеріне мақсатты ағымдағы трансферттер келесі көлемінде ескерілсін:

119720 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы бойынша  іс-шараларды іске асыруға;

69688 мың теңге – елді мекендердегі жолдарды және көшелерді орташа жөндеуге және ұстауға арналған;

40600 мың теңге – елді мекендерде аббаттандыру және санитарлық тазарту жөніндегі іс-шаралар өткізуге арналған;

1915 мың теңге – мемлекеттік органның күрделі шығыстарына арналған.»;

3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шешімі
Дата публикации
20 апреля 2023