Железин аудандық мәслихатының «Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекіту туралы» № 486/6 шешіміне өзгерістертер енгізу туралы»» шешім жобасына баcпасөз-релизі

Железин аудандық мәслихатының «Железин ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешім Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдар әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

         Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Железин ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуді бойынша.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы 2023 жылғы 14 наурызда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Дата публикации
04 апреля 2023