«Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін ашық талқылау

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге ашық талқылаулар өткізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді ашық талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Ашық талқылаулар, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2022 жылы 21 мемлекеттік қызмет түрі бекітілді, оның 16-і бөліммен тікелей көрсетілді және 5-і «Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»КММ ведомстволық бағынысты мекемесімен көрсетілді.

Есепті жылы 7796 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 7336-көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілді, бұл 94,1 %,  67 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді-0,9%, 393 қызмет «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілді-5,0%.

Есепті жылы қызмет алушылардан көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдармен өтініштер түскен жоқ.

Бөлім басшысы мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне тұрақты бақылау жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.

Тоқсан сайын Железин ауданы әкімінің аппаратына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есеп ұсынылады.

Есепті кезеңде бөлім мамандары мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарына жіберілмеді.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы барлық қажетті ақпараты бар стенд бар, сондай-ақ компьютермен, сканермен, принтермен және картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ұйымдастырылған, Интернет желісіне қолжетімділік бар.

 

         Бөлім басшысы                                       К. Ибрагимов

Дата публикации
15 марта 2023