«Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ 2022 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау

Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылау жүргізеді.

 Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес аудан экономиканың нақты секторы бөліміне 2022 жылы мемлекеттік қызметтердің 10 түрін көрсету бекітілді:

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру;

есепке қою және кезектілік;

жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;

эскизді (эскиздік жобаны)келісу;

күзгі-қысқы кезеңде энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға дайындық паспортын беру;

елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру;

автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру.

2022 жыл кезеңінде 187 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 111-і көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілді (59%) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 76 қызмет көрсетілді (41%).

Есепті кезеңде ең көп сұранысқа ие қызметтер:

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру - 76 қызмет;

есепке қою және кезектілік - 49 қызмет.

Есепті жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдармен өтініштер көрсетілетін қызметті алушылардан түскен жоқ.

 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 1Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті1 ММ тексеру жүргізілді. Тексеру барысында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы анықталды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ұсыныстар берілді.

Ай сайын және әр тоқсан сайын Железин ауданы әкімінің аппаратына көрсетілген қызметтердің саны және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмыс туралы есептер ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында және Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында мақалалар жариялау арқылы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы барлық қажетті ақпаратпен стенд бар. Қажетті техникамен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған.

 

         Бөлім басшысы                                                                          Е. Серикбаев

Дата публикации
15 марта 2023