Железин ауданы әкімінің аппараты ММ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы 2022 жылғы есепті қоғамдық талқылау

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Железин ауданы әкімінің аппаратымен 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі,  «Әскери  қызметке шақыруды кейінге қалдыру» , «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату».

2022 жылы «Железин ауданы әкімінің аппараты»  ММ 148 мемлекеттік қызмет көрсетті. «Е-лицензиялау» – 148, оның ішінде: 128–әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру, 20-азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде үзілістер болған жоқ.

Есепті жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдармен өтініштер көрсетілетін қызметті алушылардан түскен жоқ.

Железин ауданы әкімі аппаратының бас маманы мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне тұрақты бақылау жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде үзілістер болған жоқ.

Тоқсан сайын Железин ауданы әкімінің аппаратына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есеп ұсынылады.

Дата публикации
15 марта 2023