«Железин ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ның 2022 жылдың 12 айындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметінің есебін жария талқылау туралы хаттама

 

Михайловка а.

 

2023 жылғы 18 қаңтар  

 

Өткізу уақыты:

 

Өткізу орны

 

 

сағат 16. 00  

 

 Михайловка а. әкімдігі

Төрағалық еткен:

 

Михайлов  ауылдық округінің әкімі А.К. Орынтаев

Қатысқандар:

 

мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар, ұйымдардың басшылары, жергілікті қоғамдастық өкілдері, көрсетілетін қызметті алушылар.

 

Күн тәртібі

 

 «Железин ауданы Михайлов  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ның 2022 жылдың 12 айындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметінің есебін жария талқылау.

 

Михайлов ауылдық округінің әкімі А. К. Орынтаев есепті жария талқылауды ашты, ол Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізетінін түсіндірді,

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Михайлов  ауылдық округінің әкімі                             А.К. Орынтаев сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды «Железин ауданы Михайлов  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 12 айындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы ақпаратпен таныстырды.

 

2022 жылы «Железин ауданы Михайлов  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сы  мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетті:

  • «Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - 9 , оның ішінде дәлелді бас тарту-3.

2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 0.

3) «Жер учаскесін жеке меншікке бірден төлеп не бөліп  төлеу арқылы сату» - 0;

4) «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру» -0.

5) «Жер учаскесін алуға кезекке қою» - 0.

Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру мақсатында 2022 жылы zoom арқылы онлайн форматта мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы мақалалар жарияланды.

Әкімдік ғимаратының фойесінде қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру нысандарының үлгілері бар мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған.

Халықтың мемлекеттік қызметтерді алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, сондай-ақ «Ашық әкімдік» жобасы шеңберінде «Ofis Ореп» ашылды. 2022 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 486 мемлекеттік қызмет алынды.

Михайлов  ауылдық округі әкімінің аппаратында «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» іс-шарасы өткізілді, онда азаматтар мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша кеңес, «Электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдыларын алды.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша парақшалар таратылады.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

2022 жылдың тамызында ММ-да ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен  және Железин ауданы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету саласында ішкі бақылау жүргізілді. Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілер кестеге сәйкес біліктілігін арттырудан өтеді.

Жария талқылау соңында ауылдық округ әкімі қатысушыларға мемлекеттік қызмет көрсету және көрсету сапасын арттыруға қатысты өздерінде бар мәселелер мен ұсыныстарды айту туралы өтінді.

Көрсетілетін қызметті алушылар мен мүдделі тұлғалардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.

Жария талқылау қорытындысы бойынша және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ұсынылды:

  1. Халыққа уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру бойынша үнемі ұсыныстар енгізу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтық қайшылықтарды жою бойынша ұсыныстарды ұдайы анықтау және енгізу;
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылармен түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде онлайн режимде жүргізу, халықты БАҚ арқылы хабардар ету;
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы зерделеу бойынша әкім аппаратының ұжымымен тұрақты негізде жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізу;
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін уақтылы арттыру.

 

А/о әкімі

    

              А. Орынтаев                          

Дата публикации
14 марта 2023