Лесной ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау қорытындысы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы 39/НК бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сы мемлекеттік қызметтің  5 түрін көрсетеді:

1)  «Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

2) «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»;

3) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»;

4) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

5) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

2022 жылы мемлекеттік қызметке жүгінгендер барлығы -3,

оның ішінде: «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 3.

Халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды жариялау арқылы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар, ол компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған.

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабының                   2-тармағына сәйкес Лесной ауылдық округі әкімінің аппаратымен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

Дата публикации
14 марта 2023