Железин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау қорытындысы

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына, «Орталық мемлекеттік органдар қызметінің есебін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 бұйрығына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері және оның үлгілік нысаны бойынша» жергілікті атқарушы орган Железин ауылдық округі әкімі аппараты атынан мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетті.

«Железин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылы 53 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:

1) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 38

2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 9

3) «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату» - 2

4) бас тарту - 4.

«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесі арқылы 62 өтініш келіп түсті.

«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметі қағаз нұсқада көрсетілген.

Халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында аудандық «Туған олке» және «Родные простори» газеттерінде, сондай-ақ «Instagram» әлеуметтік желілерінде мақалалар жариялау арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Онда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы барлық қажетті ақпарат орналастырылған стенд бар. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету және алу тақырыбында материалды тарату бойынша акция өткізілді. Тақырыптары бар баннер орнатылды. Фойеде роллап орнатылған.

«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында компьютермен, принтермен, веб-камерамен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 36 қызмет көрсетілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. «Железин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де шақыру түймесі, пандус бар.

Тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша талдамалық анықтама жасалады.

Тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізіледі. Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

Дата публикации
14 марта 2023