Башмачин ауылдық округі әкімінің 2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау қорытындылары

Қазақстан Республикасының  2013 жылғы 15 сәуірдегі  «Мемлекеттік қорсетулетін қызметтер туралы» Заңының 23 бабына сәйкес, аудандардың жергілікті атқарушы  органдары, ауылдық округтердің әкімдері қөрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың  қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы   есептерді  жария талқылауды жүргізеді.

Мемлекеттік қызметттер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін  тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнер кәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 бұйрығына сәйкес   "Башмачин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ  мемлекеттік  қызметтердің  5 түрін көрсетті.

 2022 жылы  мемлекеттік қызмет бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Сауда - саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»-4, онын ішінде  2 баз тарту себен.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды жариялау арқылы халықпен   түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, ол компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған

2022 жылы өзіне-өзі қызмет қөрсету бұрышы арқылы 89 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 5-бабы, 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттіқ қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар аңықталған жоқ.

 

Башмачин ауылдық

округінің әкімі                              М.Мадагулова

Дата публикации
14 марта 2023