"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, "Железин ауданы Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен 2021 жылы мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетті.
2022 жылы барлығы 2 адам мемлекеттік қызметке жүгінді, оның ішінде:
1) «Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 1 бас тарту (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес жер учаскесін сауда-саттық (конкурстар және аукциондар) арқылы беру мүмкін болуына байланысты).
2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 0.
3) «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату» - 1.
4) «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 0.
5) «Жер учаскесін алуға кезекке қою» - 0.
Халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды жариялау жолымен халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, ол компьютермен, принтермен және картридждермен жабдықталған.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.