«ҚР АШМ АӨК МИК Железин аудандық аумақтық инспекция» ММ ауыл шаруашылық Министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып табылады, Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының қарамағындаагроөнеркәсіптік кешендегі өсімдіктерді қорғау, оқшау ұстау, астық нарығын реттеу, асыл тұқымды мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығыбөлігінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларды атқарады.
Біздің мекен жайымыз: Железин ауданы, Железинка ауылы, Чкалова 21.көшесі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» бұйрығы бойынша төрт мемлекеттік қызметтерді көрсетіледі:
Жылдың басынан бастап мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 40 өтініштер қарастырылып, 36 фитосанитарлық және 2 карантиндік сертификаттар берілді.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын инспекция қызметі бойынша басшылыққа алады. Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның қауіпсіздігіне жүйелі қатер төндіреді. Пара алу – ең қауіпті сыбайлас жемқорлық лауазымдық қылмыс. Ол мемлекеттік аппараттың беделіне нұқсан келтіреді, лауазымды тұлғаларға пара беру арқылы қалағанына қол жеткізу мүмкіндігі туралы идеяны тудырады.
Аудандық аумақтық инспекция өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде заңнаманы орынлау бойынша жұмысты үнемі жүргізеді – бұл жеке және топтық инспекция қызметкерлерімен жұмыс-әңгімелер, жиналыстар, құқықтық ағарту, аудан әкімінің сайтында мақалалар үнемі орналастырылады. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылармен танысу үшін өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерге жүгінген кезде құқықтық жалпыға бірдей оқыту бойынша стендтер орналастырылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Қазақстанның әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білуі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікті түсінуі тиіс. Олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімі болмағандықтан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысушы болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасы арттыру сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін жою бойынша жұмыс жүргізілуде.
Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз сенім телефонына қоңырау шалыңыз CALL – CENTER- 1424, 8(71831)21898.
«ҚР АШМ АӨК МИК Железин аудандық аумақтық инспекция»