Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ММ 2023-2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті (қалыптасу сатысында)

Бөлімнің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті ҚР Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды.

 

Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ бойынша көзделген шығыстар

 

Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

1

2

3

4

5

Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар, барлығы

498146

249400

249355

270091

 

Бөлім қызметінің негізгі басымдығы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұрын қабылданған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

 Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2023 жылға арналған әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке шығыстары 249400 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - 30751 мың теңге, бұл ретте 54 отбасына 214 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленеді және 50 бала кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі;

- еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, халықты жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыссыздықты қысқарту мақсатында Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде шаралар кешенін іске асыру-27136 мың теңге, оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу, қамту 12 адамды құрайды;

- қоғамдық жұмыстарға жолдама 60 адамды қамтиды;

- халықты жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз ету-40216 мың теңге;

– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерлерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету-12864 мың теңге, алушылар саны 1000 адамды құрайды;

- тұрғын үй көмегін көрсету-1480 мың теңге, төлем 9 отбасына төленетін болады;

- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек - 17970 мың теңге, қамту 732 алушыны құрайды;

- үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету-617 мың теңге, алушылар саны 6 адам;

- мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкесовогоау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі – 15414 мың теңге, бұл ретте жеке көмекшінің қызметімен 10 мүгедек қамтылады және 50 мүгедек оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі;

- жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу және жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу-346 мың теңге;

- үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру - 15884 мың теңге, үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтермен 3 адам жартылай стационар жағдайында және 33 мұқтаж азамат үйде күтім жасау жағдайында қамтылатын болады;

- әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру-3000 мың теңге, 2 алушыға тұрғын үй сертификаттарын беру көзделген;

- халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер - 48142 мың теңге;

- үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызметін қамтамасыз ету-36912 мың теңге бұл ретте арнаулы әлеуметтік қызметтер 133 алушыға көрсетілетін болады.

Дата публикации
06 марта 2023