Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ММ 2022-2024 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті (бекіту сатысында)

Бөлімнің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті ҚР Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды және Железинка аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 95/7 "2022-2024 жылдарға арналған Железинка аудандық бюджеті туралы"шешімімен бекітілді.

 

Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ бойынша көзделген шығыстар

 

Атауы

2021жыл

2022жыл

2023жыл

2024жыл

1

2

3

4

5

Әлеуметтіккөмеккежәнеәлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар, барлығы

452 822

498146

199130

222678

 

Бөлім қызметінің негізгі басымдығы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұрын қабылданған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

 Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2022 жылға арналған әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке шығыстары 498146 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - 39855 мың теңге, бұл ретте 79 отбасына 314 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленеді және 78 бала кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі;

- еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, халықты жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыссыздықты қысқарту мақсатында Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде шаралар кешенін іске асыру-168459 мың теңге, оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу, қамту 51 адамды құрайды;

- жастар практикасына жұмысқа орналасу, 25 адамды қамту;

- қоғамдық жұмыстарға жолдама 60 адамды қамтиды;

- еліміздің жұмыс күші артық өңірлерінен 60 отбасы 240 адамнан тұратын қоныс аударушыларға тұрғын үйді қайта сатып алуға және жалға алуға субсидиялар төлеу;

- жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру, қамту 30 адамды құрайды;

- 23 азаматтың қысқа мерзімді оқудан өтуі;

- халықты жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз ету-54717 мың теңге;

– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерлерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету-9189 мың теңге, алушылар саны 1000 адамды құрайды;

- тұрғын үй көмегін көрсету-257,0 мың теңге, төлем 15 отбасына төленетін болады;

- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек - 44 950 мың теңге, қамту 1923 алушыны құрайды;

- үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету-588 мың теңге, алушылар саны 6 адам;

- мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкесовогоау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі – 18210 мың теңге, бұл ретте жеке көмекшінің қызметімен 14 мүгедек қамтылады және 80 мүгедек оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі;

- жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу және жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу-1033 мың теңге;

– Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту-14475,0 мың теңге, осы қаражат есебінен 207 мүгедекті оңалту үшін құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету жүргізілетін болады;

- үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру - 15346 мың теңге, үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтермен 6 адам жартылай стационар жағдайында және 32 мұқтаж азамат үйде күтім жасау жағдайында қамтылатын болады;

- әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру-2000 мың теңге, 2 алушыға тұрғын үй сертификаттарын беру көзделген;

- халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер - 51479 мың теңге;

-әкімшілік ғимаратты күрделі жөндеуге 2 ЖСҚ сараптамасын жүргізу үшін мемлекеттік органның күрделі шығыстары 600 мың теңге;

- үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызметін қамтамасыз ету-76988 мың теңге бұл ретте арнаулы әлеуметтік қызметтер 128 алушыға көрсетілетін болады.

 

Железин ауданының жұмыспен

қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің басшысы                                          К. Ибрагимов

Дата публикации
26 января 2023