Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ММ 2022-2024 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті (қалыптасу сатысында)

Бөлімнің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті ҚР Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды.

 

Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ бойынша көзделген шығыстар

 

Атауы

2021жыл

2022жыл

2023жыл

2024жыл

1

2

3

4

5

Әлеуметтіккөмеккежәнеәлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар, барлығы

452 822

200604

199130

222678

 

Бөлім қызметінің негізгі басымдығы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұрын қабылданған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

 Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2022 жылға арналған әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке шығыстары 200604 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - 9091 мың теңге, бұл ретте 63 отбасына 250 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленеді және 16 бала кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі;

- еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, халықты жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыссыздықты қысқарту мақсатында Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде шаралар кешенін іске асыру-25846 мың теңге, оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу, қамту 21 адамды құрайды;

- қоғамдық жұмыстарға жолдама 60 адамды қамтиды;

- халықты жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз ету-38271 мың теңге;

– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерлерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету-9189 мың теңге, алушылар саны 1000 адамды құрайды;

- тұрғын үй көмегін көрсету-257,0 мың теңге, төлем 15 отбасына төленетін болады;

- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек - 44 950 мың теңге, қамту 1923 алушыны құрайды;

- үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету-588 мың теңге, алушылар саны 8 адам;

- мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкесовогоау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі – 15466 мың теңге, бұл ретте жеке көмекшінің қызметімен 27 мүгедек қамтылады және 49 мүгедек оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі;

- жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу және жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу-1033 мың теңге;

- үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру - 6554 мың теңге, үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтермен 3 адам жартылай стационар жағдайында және 16 мұқтаж азамат үйде күтім жасау жағдайында қамтылатын болады;

- әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру-2000 мың теңге, 2 алушыға тұрғын үй сертификаттарын беру көзделген;

- халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер - 47359 мың теңге.

.

Железин ауданының жұмыспен

қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің басшысы                                          К. Ибрагимов

 

Дата публикации
26 января 2023