Железин ауданы Башмачин ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Башмачин ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.
Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.
Ауылдық округ бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.
Железин ауданы Башмачин ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Железин ауданы Башмачин ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған.
Башмачин ауылдық округінің құрамына 4 елді мекен кіреді:Башмачное Береговое Кузьмино Абай
Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі 485,51 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 30322,0 га. Халық саны – 1054. Тұрғындардың жалпы санынан зейнеткерлер – 170, 14-тен 35-ке дейінгі жастар – 300, көшкөн бағдарламасы бойынша 40адам келді.
Әлеуметтік салада интерактивті және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған 1 орта мектеп,3 негізгі мектеп жұмыс істейді . Мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Мектептерде 57-педагогтер жұмыс істейді. 51-жоғары білімімен, 6- арнайы білімімен. Оқушылар саны -151
Башмачное ауылында 1- ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді , алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмыс істейді. 4 төсек, ем-шара кабинеті, егу кабинеті, науқастарды қабылдау кабинеті, ЭКГ жабдықтар, 1- дәріхана бар.
Сондай –ақ Береговое ауылында медпункт бар
Мәдениет саласында Башмачное ауылында Мәдениет үйі және Береговое ауылында ауылдық клуб жұмыс атқарады . Мәдениет үйінің жанында спортпен айналысуға арналған спортзал бар жалпы көлемі-300 шаршы метр
Береговое ауыл клубы жанындағы қызмет көрсету саласында «Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалы жұмыс істейді.
Қайта өңдеу саласында «Егер» ШҚ ЖШС қарақұмық зауыты жұмыс істейді.
Башмачин ауылдық округі бойынша 18 шақырым жол бар. Оның ішінде: кірме жолдар – 4,5км, кентішілік жолдар 13,5 км, сондай-ақ Башмачное ауылы орталықтандырылған сумен жабдықталған.
Абай,Кузьмино ауылдарында КБМ бар.
Көшелер шамдармен жарықтандырылған.
Павлодар қ. Үрлітүбі Павлодар қ. автобус қатынасы бар.
Бюджет көлемі
1.2. «Башмачин ауылдық округінің түсімдері мен шығыстары»
мың теңге
|
Атауы
|
2023 жыл |
2024 жыл
|
2025 жыл |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
ТҮСІМДЕР – барлығы: |
38435,0 |
40952 |
43747,0 |
|
Меншікті кірістер, оның ішінде: |
4184 |
5350 |
5589 |
|
Салықтық түсімдер |
4029 |
5195 |
5434 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
155 |
155 |
155 |
|
Жоғары тұрған басқару органдарынан түсетін трансферттер |
34251,0 |
35602,0 |
38158,0 |
Башмачин ауылдық округінің бюджетіне 2023 жылға
салық түсімдерінің құрылымы
- налог на транспортные средства с физических лиц
- налог на транспортные средства т с юридических лиц
- единый земельный налог
- плата за пользование земельным участком
- индивидуальный подоходный налог
- неналоговые поступления
- налог на имущество
- земельный налог
Башмачин ауылдық округі бюджетінің шығындары
|
Атауы |
2023 год |
2024 год |
2025 год |
|
ШЫҒЫНДАР – барлығы, оның ішінде: |
38435,0 |
40952,0 |
43747,0 |
|
Мемлекеттік қызметтер |
32499,0 |
34719,0 |
37218,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
4920 |
5166 |
5409,0 |
|
Көлік және коммуникация |
972 |
1021 |
1071 |
|
Денсаулық сақтау |
44 |
46 |
49 |
Башмачин ауылдық округінің 2023 жылға
арналған бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары
жалпы сипаттағы қызметтер
Башмачин ауылдық округінің бюджет шығындарының 89 %-ын Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге шығындар құрайды
мың теңге
|
Атауы |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған бюджет шығыстары, барлығы: |
32499,0 |
43719,0 |
37218,0 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
32499,0 |
43719,0 |
37218,0 |
|
Қорғаныс |
0 |
0 |
0 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 32499 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды.
Башмачин ауылдық округінің бюджет шығындарының 0,1%-ын денсаулық сақтау саласына шығындар құрайды
Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары
мың.теңге
|
Атауы |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары, барлығы: |
44 |
46 |
49 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру |
44 |
46 |
49 |
Денсаулық сақтау саласында шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру үшін 2023 жылға 44мың теңге сомасында шығыстар көзделген.
Башмачин ауылдық округінің бюджет шығындарының 8,6 %-ын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары құрайды
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығыстары
мың.теңге
|
Атауы |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған бюджет шығыстары, барлығы: |
4920.0 |
5166 |
5409 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
3504 |
3679 |
3863 |
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
838 |
880 |
915 |
|
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |
578 |
607 |
631 |
2023 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығындары:
- Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ қолданыстағы жарықтандыруды ұстауға және техникалық қызмет көрсетуге 3504 мың теңге сомасында қарастырылған.
- Башмачин ауылында қоқысты иығына арналған елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету – 838 мың теңге.
- Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру, көшеттерді және гүлдерді отырғызу, көше ақпараты стендін орнату, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қызметін ұйымдастыру – 578 мың теңге сомасында қарастырылған.
Башмачин ауылдық округінің бюджет шығындарының 2 %-ын көлік және коммуникация шығындары құрайды.
Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары
мың.теңге
|
Атауы |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары, барлығы: |
972 |
1021 |
1071 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
Аудандық маңызы бар қалаларда , ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
972 |
1021 |
1071 |
Ауылдық округтің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін үздіксіз қамтамасыз ету үшін 972 мың теңге қаражат қарастырылған.