Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (ЖОБА)

Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Алакөл ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

         Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.

         Ауылдық округ бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

          Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

          Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған.

Алакөл ауылдық округінің құрамына Алакөл ауылы кіреді.

         Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі 57334,68 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 27760,0 га. Халық саны – 612 адам, оның ішінде ерлер – 309 адам, әйелдер – 303 адам. Тұрғындардың жалпы санынан зейнеткерлер – 84, 16-дан 29-ға дейінгі жастар – 98, оқушылар – 116, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 63, ашық нарықта жұмыссыздар – 5, тіркелген жұмыссыздар – 1 адам.

 Әлеуметтік салада интерактивті және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған 1 орта мектеп жұмыс істейді. Мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Сондай-ақ, фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) – 1, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмыс істейді. 2 төсек, ем-шара бөлмесімен біріктірілген акушерлік кабинет, егу кабинеті, науқастарды қабылдау кабинеті, ЭКГ жабдықтар, дәріхана – 1 бар.

 Мәдениет үйінің жанында ауылдық кітапхана жұмыс істейді, кітапхананың кітап қоры жыл сайын 18500 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 15 000 дана толықтырылады және есептеледі, спортпен айналысуға арналған фитнес-клуб бар.

Мәдениет үйі жанындағы қызмет көрсету саласында «Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалы жұмыс істейді.

Қайта өңдеу саласында «Пахарь» ШҚ ЖШС наубайханасы жұмыс істейді.

Алакөл ауылдық округі бойынша 15,84 шақырым жол бар. Оның ішінде: кірме жолдар – 2,505 км, айналма жолдар – 4,861 км және кентішілік жолдар 8,474 км, сондай-ақ ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған. Көшелер шамдармен жарықтандырылған, Павлодар қаласы мен Железинка ауылына автобус қатынасы бар.

        

Бюджет көлемі

 

1.2. «Алакөл ауылдық округінің түсімдері мен шығыстары»

                                                                                                               мың теңге

Атауы

 

 

2023 жыл       

2024 жыл 

 

2025 жыл

1

2

3

4

ТҮСІМДЕР – барлығы:

30562

31897

33571

Меншікті кірістер, оның ішінде:

4813

6170

6402

Салықтық түсімдер

4657

6014

6246

Салықтық емес түсiмдер

156

156

156

Жоғары тұрған басқару органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде:

25749

25727

27169

Мақсатты ағымдағы трансферттер

0

0

0

Субвенциялар

25749

25727

27169

 

Алакөл ауылдық округінің бюджетіне 2023 жылға

салық түсімдерінің құрылымы

  

Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығындары 

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

ШЫҒЫНДАР – барлығы, оның ішінде:

30562

31897

33571

Мемлекеттік қызметтер

24932

25985

27389

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

4338

4555

4771

Көлік және коммуникация

1253

1316

1368

Денсаулық сақтау

39

41

43

 

Алакөл ауылдық округінің 2023 жылға

 арналған бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары

                 

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары

жалпы сипаттағы қызметтер

                                                                                                                     мың теңге

 Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған бюджет шығыстары, барлығы:

24932

25985

27389

 Оның ішінде:

 

 

 

жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

24932

25985

27389

Қорғаныс

0

0

0

 Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге   24932 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды.

Алакөл  ауылдық округінің бюджет шығындарының 0,1%-ын денсаулық сақтау саласына шығындар құрайды

       

  Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары

                                                                                                                    мың.теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары, барлығы:

39

41

43

 Оның ішінде:

 

 

 

Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру

39

41

43

Денсаулық сақтау саласында шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру үшін 2023 жылға 39 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.

Алакөл ауылдық округінің бюджет шығындарының 14,2 %-ын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары  құрайды

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығыстары

                                                                                                                   мың.теңге

 Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған бюджет шығыстары, барлығы:

4338

4555

4771

 Оның ішінде:

 

 

 

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

3360

3528

3704

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

607

637

662

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

371

390

405

                  2023 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығындары:

- Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ қолданыстағы жарықтандыруды ұстауға және техникалық қызмет көрсетуге 3360 мың теңге сомасында қарастырылған.

- Алакөл ауылында қоқысты иығына арналған елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету – 607 мың теңге.

- Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру, көшеттерді және гүлдерді отырғызу, көше ақпараты стендін орнату, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қызметін ұйымдастыру – 371 мың теңге сомасында қарастырылған.

          Алакөл ауылдық округінің бюджет шығындарының 4,1 %-ын көлік және коммуникация шығындары  құрайды.

 

Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары

                                                                                                                     мың.теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары, барлығы:

1253

1316

1368

 Оның ішінде:

 

 

 

Аудандық маңызы бар қалаларда , ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1253

1316

1368

 Ауылдық округтің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін үздіксіз қамтамасыз ету үшін 1253 мың теңге қаражат қарастырылған.

Дата публикации
30 декабря 2022