Железин ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10-тармағына,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 787 қаулысына сәйкес Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
  2. «Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

         1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Железин аудандық мәслихатында осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.».

  1. Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдедегі №164/7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4.Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Железин аудандық

мәслихатының төрағасы                                         П.Э. Лампартер

Дата публикации
09 января 2023