«Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» 2022 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп

«Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,  әлеуметтік қамсыздандыру,  мәдениет, спорт  және агроөнеркәсіптік  кешен саласындағы мамандарына, ауыл, кент, ауылдық округ  әкімдерінің мемлекеттік қызметкерлеріне  әлеуметтік қолдау шараларын  ұсыну» мемлекеттік қызметінің стандарты Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №72 бұйрығымен бекітілді. 

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің ұсыну нысаны – электронды/қағаз.

Мемлекеттік қызмет ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,  әлеуметтік қамсыздандыру,  мәдениет, спорт  және агроөнеркәсіптік  кешен саласындағы мамандарына, ауыл, кент, ауылдық округ  әкімдерінің мемлекеттік қызметкерлеріне  тегін көрсетіледі.  Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі  көрсетілетін қызметті  алушының көтерме жәрдемақы және бюджеттік несие  түріндегі  әлеуметтік қолдау  шараларын ұсыну тіркеу және  басымдығы  туралы немесе  әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді  бас тарту  туралы Шарт жасау  үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну қажеттілігі туралы  хабарлама  туралы болып табылады.

         Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат» стендінде  Железин ауданы әкімдігі ғимаратының холлында  орналасқан.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында «Мемлекеттік қызмет»  айдарында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы мақалалар жарияланды («Родные просторы» және «Туган өлке» газеттерінде 2 жарияланым).

Instagram әлеуметтік желілерінде («Zhelezinkalife сілтеме 2022 жылғы 11 шілдесінен) «Дипломмен ауылға! жобаны іске асыру бойынша ақпарат жарияланды.

Железин ауданының сайтында, «Құжаттар» бөлігінде 2022 жылғы қаңтар айында  2021 жыл үшін мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп жарияланды, сонымен қатар 2022 жылғы шілде айында «Дипломмен ауылға!» жобаны іске асыру туралы ақпарат жарияланды.

Жыл сайын Железин ауданы әкімдігінің сайтында денсаулық сақтау, білім беру,  әлеуметтік қамсыздандыру,  мәдениет, спорт  және агроөнеркәсіптік  кешен және  ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметкерлері саласында  сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі орналастырылады  олар бойынша ағымдағы жылы көтерме жәрдемақы  және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау  шаралары көрсетілетін болады.

Жыл сайын бөлім басшыларымен және ауылдық округ әкімдерімен аппараттық кеңесте көтермежәрдемақы  және тұрғын-үй сатып алуға  бюджеттік кредит түрінде  әлеуметтік қолдау шаралары  ұсынылған келген мамандармен жасалған келісімдердің талаптарын орындау мәселесі туындайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,  әлеуметтік қамсыздандыру,  мәдениет, спорт  және агроөнеркәсіптік  кешен саласындағы мамандарына, ауыл, кент, ауылдық округ  әкімдерінің мемлекеттік қызметкерлеріне  әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері анықталды:

100 АЕК теңге сомадакөтермежәрдемақы (2022 жылда -306300 теңге);

Баспана сатып алуға арналған бюджеттік кредит 1500 АЕК  (2022 жылда - 4594500 теңге).

2022 жылда 75 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

  • көтерме ақы жәрдемін алуға – 56 маман жүгінді. Көтерме жәрдемақысын

56 маман алды, оның ішінде: 41– білім беру, 9 - денсаулық сақтау, 2-ветеринария, 2– спорт,1-мәдениет, 1-мемлекеттік қызметші, жалпы сомасы 17152,8 мың теңге.

Баспана сатып алуға бюджеттік кредитті алу үшін 19 маман жүгініп, бюджеттік несие -18 маман алды, соның ішінде 9 -білім беру, 8-денсаулық сақтау, 1-спорт,    жалпы сомасы 82701,0 мың теңге. Бір маманға дәлелді бас тарту берілді.

Мемлекеттік қызмет осы мемлекеттік қызметті көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзбай ұсынылды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Ай сайын Железин ауданы әкімі аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп беріледі.

Жеке тұлғалардың және коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу үшін материалдар сұралмады.       

 

Железин ауданының экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің басшысы                                                            Д. Агыбаев

Дата публикации
09 января 2023