«Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтамасы

  1. Нормативтік-құқықтық база

«Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,«Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»Қазақстан Республикасының Заңдарын, Әдеп кодксін ӘРПК, ҚР Еңбек кодексін, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларынбасшылыққа алады.

  1. СЖТІТ жүргізу туралы бұйрық, жауапкершілік

Алакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы С.Баймағанбетов сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін (бұдан әрі-СЖТІТ) 2022 жылғы 25 мамырда № 19 өкім шығарды.

СЖТІТ жүргізуге жауапты болып: бас маман Шагеева Динара Сьюмдыковна анықталды.

 

  1. Есепті кезең

Алдыңғы СЖТІТ 2021 жылдың қаңтары мен 2021 жылдың сәуірі аралығында жүргізілді.

Ағымдағы СЖТІТ 2021 жылғы мамырдан 2022 жылғы мамырға дейінгі кезеңде жүргізіледі.

 

СЖТІТ жүргізу барысында келесі міндеттер бойынша талдау жүргізілді:

 

1: Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Есепті кезеңде мемлекеттік орган -1) нормативтік-құқықтық акт дайындады, оның ішінде құқықтық сараптамаға жіберілді:

– 2021 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне-0 құжат.

- 2022 жылы Нарикбаев атындағы ҚАЗГЮУ Университетіне-1 құжат.

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының «Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 қарашадағы «Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» №226-5/30 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешмінің жобасы.

Нәтижесінде 5 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.

2 ұсыныс берілді. Олардың ішінде назарға алынып, 2 ұсыныс ескерілді.

Жобаның 8-тармағы бойынша адам құқықтарының негізсіз шектелгені анықталды. Осы тармақта бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізілетіні көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

- Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану,

- пара алу,

-пара беру.

Ескертулер:осылайша,ауылдардың бөлек жиындарына кімнің қатысуға құқығы бар екендігі, сондай-ақ бұл мәселе қандай актілермен реттелгені белгісіз болып қалады.Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің әкімі шақыратынын және ұйымдастыратынын ескерсек (жобаның 5-тармағы), бұл жағдайда әкімдер үшін қолайсыз адамдарды ауылдардың бөлек жиындарына жібермеу, сол арқылы олардың құқықтарына қысым жасау қаупі туындайды.

Ұсынымдар: жобаның 8-тармағына сәйкес қандай тұлғалардың бөлек жиындарға қатысуға құқығы бар екенін нақтылау немесе бөлек жиындарға қатысуға құқығы бар тұлғалар көзделген тиісті НҚА нормасына нақты сілтеме көрсету қажет.

Тәуекел факторларын талдау кезінде жобаның 4-тармағы бойынша құқықтық алшақтық анықталды. Жобаның 4-тармағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында саны үш адамнан аспайтын жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдер сайланатыны көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

- қызметтегі әрекетсіздік,

- биліктің әрекетсіздігі.

Ескертулер: заң талаптарына сәйкес жергілікті өкілді органдар жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекітеді.

Ұсынымдар: жобаның 4-тармағында ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың дәйекті тәртібін белгілеу қажет.

2022 жылғы 06 маусымда Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне сараптама нәтижесімен келіспеу хаты жіберілді, бұл Нормативтік құқықтық актінің жобасы азаматтардың заңнамада белгіленген құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін бұзбайды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді.Жоғарыда аталған шешімнің жобасы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленгендіктен .Ғылыми сараптамада көрсетілген ескертулер назарға алынды.

 

2: Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Басқарудың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Есепті кезеңде 103 құжат қаралды, оның ішінде: шешімдер-9,өкімдер-94.

Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 1-13/213 ұсынысы негізінде Нормативтік құқықтық акт Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 03 ақпандағы  «Алакөл ауылының «Пахар» шаруа қожалығының жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»№2шешімі шығарылды Железин ауданының ауылдық округінде " бұзушылықтар анықталған жоқ. 

Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық,құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға ішкі талдау жүргізу кезінде:

- лауазымды адамның өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін ережелер.

- жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде кедергілер жасауға ықпал ететін ережелер.

- нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше түсіндіру мүмкіндігін туғызатын құқықтық олқылықтар анықталған жоқ.

 

3: Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Басқарманың штат саны 2021 жылы 10 бірлікті құрады.

 Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 47-бабына сәйкес,Железин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 02 тамыздағы «Үйде әлеуметтік көмек бөлімшесін құру туралы» №223/7 қаулысы негізінде әлеуметтік қызметкерлерді жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге үйде әлеуметтік көмек көрсету үшін ауданның жұмыспен қамту бөліміне ауыстырылды .

2022 жылғы мамырдағы жағдай бойынша штат саны-7 адам, нақты саны – 6 бірлік, бос жұмыс орындары – 1 бірлік.

Персоналды басқару жөніндегі қызметке ішкі талдау жүргізу кезінде есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілер кадрларының ауысуы зерделенді. «Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ құрылымы бойынша ауысым болған жоқ.

Басқару құрылымы бойынша «Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де бөлім жоқ.

Конкурстық рәсімдер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі жоғары учаскелердің бірі адамдарды бос лауазымдарға конкурстық іріктеу рәсімі болып қала береді.

ММ конкурстық рәсімдерді өткізбейді. Конкурстарды өткізумен Железин ауданы әкімдігінің кадр қызметі бөлімі айналысады. Тексерілетін кезеңде конкурстық рәсімдер өткізілмеді.

Теріс себептермен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған және мемлекеттік қызметтен босатылу фактілері жоқ.

2021 жылдың қараша айынан бастап мемлекеттік қызметке қабылдау/шығару, тәртіптік жаза қолдану және алып тастау және т.б. барлық конкурстық рәсімдерді аудан әкімі аппараты жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметі жүзеге асырады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.

4: Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

"Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жұмыс тобы мүдделер қақтығысының болуына, қызметкерлердің басқарма басшыларымен жұмысқа қабылданған үлестестігіне, кадрлардың ауысу себептеріне, қызметкерлерді жұмыстан шығаруға (лауазымын төмендетуге), жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен жұмысына, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

 

5: Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Ережеге сәйкес «Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

2) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

3) елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

4) жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату;

5)жер учаскесін алуға кезекке қою.

         «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан 6 өтініш түсті. Барлығы 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Е-лицензиялау»арқылы электрондық болып табылады.

«Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.

6: Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Ережеге сәйкес «Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

7: Бақылау функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Заңға сәйкес мемлекеттік органның қызметін реттейтін «Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бақылау және қадағалау функцияларына ие емес.

8: Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

2021 жылғы мамырдан 2021 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде мемлекеттік қызметшілердің демалыстары - 2,штаттан тыс қызметкерлердің демалыстары-1,мемлекеттік қызметшілердің жеке құрамы-2 бойынша өкімдер шығарылды. штаттан тыс қызметкерлердің жеке құрамына-21,мемлекеттік қызметшілердің іссапарларына-8 ,штаттан тыс қызметкерлердің іссапарларына-19.

2022 жылғы қаңтар-мамыр кезеңінде: мемлекеттік қызметшілердің демалыстары-2,штаттан тыс қызметкерлердің демалыстары-1, мемлекеттік қызметшілердің іссапарлары -3,штаттан тыс қызметкерлердің іссапарлары-8 бойынша өкімдер шығарылды.

9: Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

2022 жылға арналған жоспардың тармақтарының саны 57 бірлікті құрайды. 179573,4 мың теңге сомасына, оның ішінде 4 609,5 мың теңгеге жоспардың 15 тармағы, 27 тармақтың тауары 1398,1 мың теңгеге, жоспардың 15 тармағының жұмысы 173 сомаға ұсынылды. 101 012,6 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жүргізілді, жалпы көлемі 101 012,6 теңге. Ұсынылған шарт – 25 бірлік, жеткізушілер – 25 жеңімпаз, оның ішінде ҚР жеңімпаздары – 25 бірлік.

2021 жылы 30923,8 мың теңгеге жоспардың 65 бірлігі орындалды.

 

10: Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау

Жасырын мемлекеттік қызметтерді, яғни іс жүзінде мемлекеттік орган ұсынады, бірақ бұл ретте олар ЦДИАӨМ тізілімінде тұрмайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жұмыс тұрақты бақылауда.

Келесі ұсыныстар берілген

1.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде СЖТІТталаптарын үнемі қатаң сақтау қажет.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімдердің бұзылуына жол бермеу/тұрақты/.

3.ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін басшының бақылауын қамтамасыз ету /тұрақты/

  1. «Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Ережесіне сәйкес келтірілсін
  2. «Е-лицензиялау» АЖ базасында қолжетімділік бойынша техникалық қолдау қызметімен тұрақты жұмыс.

 

Комиссия төрағасы: ______________ С.Баймаганбетов, а/о әкмінің м.а

 

Комиссия мүшелері :          _______________ Д.Шагеева , бас маман

           ________________ Т.Багжиков ,бас маман;

                 ________________Ж.Утегенов,ЖӨБ мүшесі

                      ________________Б.Кожамбаева, қоғамд. төрайымы

Дата публикации
22 декабря 2022