Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Железин ауылдық округінің Железинка ауылының Железин ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 617 гектар жерлерді қосу арқылы, Железин ауылдық округінің Железинка ауылының шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 6 532 гектар болып белгіленсін.
- Осы бірлескен Железин ауданы әкімдігі қаулысының және Железин аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Железин ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы бірлескен Железин ауданы әкімдігіның қаулысы мен Железин аудандық мәслихатының шешімі оның алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.