Железин аудандық мәслихатының «Железин ауданы бойынша 2023 - 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешім жобасы (бұдан әрі – шешім жобасы) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы бойынша 2023 - 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы деректерді нақтылау.
Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.