Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
Аудандық мәслихат |
|
||
|
сессиясының төрағасы |
|
|
|
|
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
|
|
|
|
|
|
||
Железин ауданы бойынша 2023 - 2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
1) осы Жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Железин ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);
2) осы Жоспардың 2-қосымшасына сәйкес Железин ауданы аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемалары;
3) осы Жоспардың 3-қосымшасына сәйкес Железин ауданы жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы;
4) осы Жоспардың 4-қосымшасына сәйкес Железин ауданы аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы;
5) осы Жоспардың 5-қосымшасына сәйкес Железин ауданы аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы;
6) осы Жоспардың 6-қосымшасына сәйкес Железин ауданы аумағында ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;
7) осы Жоспардың 7-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі;
8) осы Жоспардың 8-қосымшасына Железин ауданы аумағында жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары бедгіленген картаны.
Гидрографиялық тұрғыдан ауданда қолайлы жағдай бар, өйткені аудан бойымен Ертіс өзені ағып өтеді, оның көптеген ағыстары, жеңдері бар. Сондай-ақ Башмачное, Подстарое, Кызылтуз көлдері бар.
Аудан аумағында оңтүстік қара топырақты аймақ топырағы басым. 20 тұқымдасқа және 70 түрге жататын кең таралған гүл өсімдіктерінің 120 түрі бар. Ең көп тараған тұқымдастар: дәнді және астрагүл шөптері.
Жайылымдық жерлердің орташа өнімділігі 3,33 центнерді құрайды. Жайылымдық мал азығының қоры 170-180 күн жайылымдық кезеңде қолданылады.
Ауданның климаты күрт континентальді, қысы суық, жазы ыстық. Қаңтарда орташа температурасы минус 18 градус Цельсийден минус 19 градус Цельсийге дейін, шілдеде 19 градус Цельсийден плюс 20 градус Цельсийге дейін. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері – 275,5 миллиметр, кейде 300 миллиметрге дейін. Жауын-шашынның ең көп мөлшері маусым-шілде соңында, кейде тамызда түседі. Жауын-шашынның едәуір бөлігі жылдың жылы мезгілінде келеді, бірақ олар жиі нөсер түрінде түседі, сондықтан ылғал топыраққа түспейді. Вегетация кезеңінде өсімдік ылғалдың тапшылығын сезінеді. Қар жамылғысы 10 сантиметрге дейін қараша соңында орташа есеппен белгіленеді, ең жоғары биіктікке қараша соңында жетеді, ең жоғары биіктікке ақпан соңында - наурыз басында жетеді.
Санаттары бойынша жерлер келісідей бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 453 646 га;
елді мекендердің жерлері – 127 271 га, оның ішінде жайылым 97 852 га;
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 4 479 га;
орман қорының жерлері – 41 594 га;
су қорының жерлері – 2 543 га;
қордағы жерлері – 137 238 га.
Железин ауданында жер балансының мәліметтері бойынша жалпы ауданы 453 646 га 277 ауыл шаруашылығы құрылымдары есепте тұр, оның ішінде жайылымдар 172 020 га, оның ішінде:
- 171 шаруа және фермер қожалықтары 190 648 га, оның ішінде жайылым 74 053 га;
- 46 шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам мен ауыл шаруашылық кооперативтері 250 880 га, оның ішінде жайылымдар – 87 024 га;
- басқа 59 кәсіпорын (азаматтар) 12 111 га, оның ішінде жайылымдар 10 944 га.