Железин аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Железин ауданының ауылдык округтерінің бюджеті туралы» шешім жобасына баспасөз релизі

Шешім жобасы Казақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына, сәйкес әзірленді.

2023 жылға арналған бюджеттің көлемі 527,9 млн. теңгені, 2024 жылға – 554,4 млн.теңгені, 2025 жылға – 582,1 млн.теңгені құрайды.

Ауданның 2023 жылға кіріс көлемі 80,0 млн. теңге сомасында көзделген, 2024 жылға түсімдер көлемі 105,8 млн.теңге, 2025 жылға – 113,4 млн. теңге болжануда.

         Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

         «2023-2025 жылдарға арналған Железин ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» шешімнің жобасы 2022 жылдың 12 желтоқсаннан 18 желтоқсанына дейін "Ашық НҚА" порталында орналасқан.

Дата публикации
12 декабря 2022