Шешім жобасы Казақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына, сәйкес әзірленді.
2023 жылға арналған бюджеттің көлемі 4613,2 млн. теңгені, 2024 жылға – 2276,5 млн.теңгені, 2025 жылға – 2461,8 млн.теңгені құрайды.
Ауданның 2023 жылға кіріс көлемі 1565,3 млн. теңге сомасында көзделген, 2024 жылға түсімдер көлемі 1730,5 млн.теңге, 2025 жылға – 1852,5 млн. теңге болжануда.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
«2023-2025 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» шешім жобасы 2022 жылғы 09 желтоқсаннан бастап 14 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.