2023-2025 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы1-тармағының 1) тармақшасына, Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 1. 2023-2025 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4613233 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1531454 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 6460 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 27378 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3047941мың теңге;

2) шығындар – 4603233мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 27655 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 62100 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 34445 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 10000 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 10000 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 27655мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 27655 мың теңге.

  1. 2023 жылға арналған аудан бюджетінде облыстық бюджетінен берілетін субвенциялардың көлемі жалпы 564563 мың теңге сомада көзделсін.
  2. 2023 жылға арналған аудан бюджетінде аудан бюджетінен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін субвенциялардың көлемі жалпы 457675 мың теңге сомада көзделсін, соның ішінде:

Ақтау ауылдық округі

30123 мың теңге;

Алакөл ауылдық округі

25749 мың теңге;

Башмачин ауылдық округі

34251 мың теңге;

Веселорощин ауылдық округі

35644 мың теңге;

Еңбекші ауылдық округі

30769 мың теңге;

Железин ауылдық округі

90832 мың теңге;

Қазақстан ауылдық округі

32535 мың теңге;

Лесное ауылдық округі

35979 мың теңге;

Михайлов ауылдық округі

44820 мың теңге;

Новомир ауылдық округі

30048 мың теңге;

Озерное ауылдық округі

33157 мың теңге;

Прииртышск ауылдық округі

33768 мың теңге.

  1. 2024 жылға арналған аудан бюджетінде аудан бюджетінен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін субвенциялардың көлемі жалпы 461526 мың теңге сомада көзделсін, соның ішінде:

Ақтау ауылдық округі

31113 мың теңге;

Алакөл ауылдық округі

25727 мың теңге;

Башмачин ауылдық округі

35602 мың теңге;

Веселорощин ауылдық округі

36789 мың теңге;

Еңбекші ауылдық округі

31678 мың теңге;

Железин ауылдық округі

83445 мың теңге;

Қазақстан ауылдық округі

34439 мың теңге;

Лесное ауылдық округі

36138 мың теңге;

Михайлов ауылдық округі

46181 мың теңге;

Новомир ауылдық округі

31892 мың теңге;

Озерное ауылдық округі

35278 мың теңге;

Прииртышск ауылдық округі

33244 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған аудан бюджетінде аудан бюджетінен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін субвенциялардың көлемі жалпы 489663 мың теңге сомада көзделсін, соның ішінде:

Ақтау ауылдық округі

33867 мың теңге;

Алакөл ауылдық округі

27169 мың теңге;

Башмачин ауылдық округі

38158 мың теңге;

Веселорощин ауылдық округі

39661 мың теңге;

Еңбекші ауылдық округі

34217 мың теңге;

Железин ауылдық округі

87145 мың теңге;

Қазақстан ауылдық округі

36355 мың теңге;

Лесное ауылдық округі

38383 мың теңге;

Михайлов ауылдық округі

47504 мың теңге;

Новомир ауылдық округі

33919 мың теңге;

Озерное ауылдық округі

37768 мың теңге;

Прииртышск ауылдық округі

35517 мың теңге.

  1. Аудандық бюджетте 2023 жылға арналған ауылдық округтерінің бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер келесі мөлшерде ескерілсін:

9000 мың теңге – ауылдық елді мекендерді су жабдықтаумен қамтамасыз етуге арналған;

119720 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы бойынша  іс-шараларды іске асыруға;

2000 мың теңге – елді мекендердегі жолдарды және көшелерді орташа жөндеуге және ұстауға арналған;

10600 мың теңге – елді мекендерде аббаттандыру және санитарлық тазарту жөніндегі іс-шаралар өткізуге арналған;

1000 мың теңге – мемлекеттік органның күрделі шығыстарына арналған.

  1. Көрсетілген насаналы трасферттердің сомаларын ауылдық округтер бюджеттеріне бөлінуі аудан әкімдігінің қаулысы негізінде анықталады.
  2. 2023 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 32909 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Железин аудандық мәслихатының хатшысы

 

П. Лампартер

 

Дата публикации
09 декабря 2022