Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
осы Ереженің 2- тарауының 13- тармағының 3) – тармақшасы келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінің ішкі порталы арқылы «Әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсетеді;
әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде дала өрттерінсөндірудің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
осы Ереженің 9)-тармақшасына 16-тармағының 3-тарауының толықтырылсын:
«Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысыбағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады».
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;
осы қаулына Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
Аудан әкімі А. Шайхимов