Ауданның 2022-2024 жылдарға арналған бюджет нақтылауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына сәйкес өткізіледі.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің берген өтінімдеріне сәйкес бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бағыттау жүргізілді.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, аудан бюджетінің нақтыланған көлемі 6579 млн.теңгені құрайды.
«Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 95/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы 2022 жылғы 11 қараша – 16 қараша аралығында «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.