Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 95/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Железин аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Железинка а.                                № ______                __  _________ 2022 жыл

 

Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы

«2022-2024 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы»

№ 95/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

          Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Железин аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 95/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26337 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті тиісінше                      1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6448147,8 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1131575 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 14914 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 65806 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5235852,8 мың теңге;

2) шығындар – 6593077,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 53766 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 82701 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 28935 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1950 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 1950 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 200646 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             200646 мың теңге.»;

2) 6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. 2022 жылға арналған аудан бюджетінде ауылдық округтардың бюджеттеріне мақсатты ағымдағы трансферттер келесі көлемінде ескерілсін:

15740 мың теңге – ауылдық елді мекендерді су жабдықтаумен қамтамасыз етуге арналған;

147522 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы бойынша  іс-шараларды іске асыруға;

16947 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

117835 мың теңге – елді мекендердегі жолдарды және көшелерді орташа жөндеуге және ұстауға арналған;

22973 мың теңге – елді мекендерде жарықтандыру бойынша іс-шаралар өткізуге арналған; 

25095 мың теңге – елді мекендерде аббаттандыру және санитарлық тазарту жөніндегі іс-шаралар өткізуге арналған;

4890 мың теңге – мемлекеттік органның күрделі шығыстарына арналған.»;

3) 8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. 2022 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 7015 мың теңгеде бекітілсін.»;

4) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық

мәслихат хатшысы                                            П. Лампартер

 

Дата публикации
04 октября 2022